From Wikipedia, the free encyclopedia
Leroy Merlin (транскрипциясы: «Леруа Мерлен») — франциялық компания, Еуропадағы ең ірі DIY (Do-It-Yourself) сатушыларының бірі. 1923 жылы құрылған, Groupe Adeo құрамына кіреді.
Leroy Merlin SA | |
Түрі | |
---|---|
Құрылды |
1923 |
Бұрынғы атауы |
Au Stock Americain |
Құрушы |
Адольф Леруа, Роза Мерлен |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Филипп Зимерманн (бас директор) |
Саласы | |
Айналым | |
Қызметкерлер саны |
164,764 (2021) |
Басшы компания |
Groupe Adeo |
Сайты |
Леруа Мерлен — үй, саяжай мен бақты тұрғызу, әрлеу және жайластыруға арналған тауарларды сатуға мамандандырылған халықаралық ритейлер-компания.
Groupe Adeo сату көлемдері бойынша әлемде 3-орынды және Еуропада 1-орынды иеленіп отыр, Грекия, Бразилия, Франция, Италия, Польша, Португалия, Испания, Ресей, Қытай, Түркия, Румыния және Украинадағы әр түрлі форматтағы (гипермаркеттер, орташа және кішкентай дүкендер, дискаунттерлер) DIY дүкендерін қамтиды.
Леруа Мерлен — бұл әлем бойынша 325 дүкен. Барлық дүкендерде бес негізгі бағыттар бойынша тауарлардың үлкен жиынтығы ұсынылған: үй, интерьер, құрылыс материалдары, жөндеу және бақ.[2]
Францияның солтүстігінде, Не-ле-Мин қаласында жұбайлар Адольф Леруа мен Роз Мерлен Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияның солтүстік қалашықтарында америкалық әскерлер қалдырып кеткен заттарды сату бойынша "Сток Америкэн" алғашқы дүкенін ашады. Құрылыс және әрлеу материалдары ерекше сұранысқа ие болады. Адольф Леруа мен Роз Мерлен әрбір жанұяның өз арманындағы үйді тұрғызғысы келетіндігін өте тез түсінеді.
"Сток Америкэн" сауда-саттық кәсіпорны Leroy Merlin-ге түрлендірілген. Бұл өз клиенттеріне тауарларды тегін жеткізу қағидасын қолданған Франциядағы алғашқы компания болып табылады.
Леруа Мерлен өз-өзіне қызмет көрсету дүкендері бүкіл Франция бойынша ашылады. Орталықтандырылған қызметтер (сатып алу бөлімі мен компьютерлік қызмет) құрылады. 70-жылдардың соңына қарай Леруа Мерлен штатында 500 адам жұмыс істейтін 8 дүкенді құрайды және ұлттық масштабтағы кәсіпорынға айналады.
Леруа Мерлен Ашан тобымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қояды.
Леруа Мерлен Испания, Италия, Польша және Бразилияда дүкендер ашады және DIY (Do-It-Yourself) секторында әлемдік нарықтарда алдыңғы орындарға ие болады.
Леруа Мерлен Португалия мен Испанияда (Aki), сонымен бірге Францияда (Obi) DIY компанияларын сатып алады. Леруа Мерлен DomPro және Weldom компанияларымен қосылады.
Ресейдегі Мәскеу облысының Мытищи қаласында алғашқы дүкеннің ашылуы.
GROUPE ADEO құрылады.
Леруа Мерлен Румыния, Украина, Грекия және Түркиядағы қызметінің басталуы.
Леруа Мерлен Румыния мен Украинадағы қызметінің басталуы.
Леруа Мерлен Италиядағы Касторама гипермаркеттер желісінің барлығын сатып алады.
Қазақстандағы алғашқы Леруа Мерлен дүкенінің ашылуы.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.